Жаңалықтар

image description
icon

Елімізде «Балажан: ата-аналардың еріктілігі» акциясы басталды

📆 Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 27 мамыр-3 маусым аралығында елімізде «Балажан: ата-аналардың еріктілігі» акциясы өтеді. Оған білім беру ұйымдарының жанындағы педагогикалық қолдау орталықтарында жаттыққан белсенді ата-аналар қатысуда.

 📎 Оның мақсаты – жайлы білім беру ортасын қалыптастыру үшін ата-аналар мен педагогтердің  ынтымақтастығын құру.

«Ата-аналар өздерінің өмірлік тәжірибелерін, білімдерін, жақсы қасиеттерін балалардың бойына сіңіре алады. Іс-шара аясында олардың кәсіби және жеке тәжірибелерін пайдалана отырып, балалармен көбірек жұмыс жасауына көңіл бөлуді ұсынып отырмыз», - дейді «Өркен» балалардың әл-аухатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының президенті Есенғазы Иманғалиев.

📂 Акция бағдарламасына отбасылық іс-шаралар, шеберлік сыныптары, спорттық сайыстар, тренингтер, шығармашылық байқаулар, ойындар, диалог алаңдары, квесттер, кеңес берулер, жеке сессиялар мен басқа да көптеген шаралар енгізілген.

📌 Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйегінен бастап еліміздің білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс жасауда. Бұл орталықтарға бүгінге дейін 3,7 млн қазақтандық ата-ана қатысып, оқу-жаттығудан өтті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап