🎈1000-НАН АСТАМ АЛМАТЫЛЫҚ ОҚУШЫ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚОСЫЛДЫ
«Өркен» БӘАҰҒПИ «Life Time M» қоғамдық бірлестігімен қосылып, «Шыңға Өрлеу» әлеуметтік жобасы аясында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу құрметіне фестиваль өткізді.
«Халықаралық балаларды қорғау күні» – бұл қазақстандық қоғамның ең кішкентай және қорғансыз мүшелерінің құқықтарын қорғау, мүдделерін қолдау, әл-ауқаты мен өркендеуіне жағдай жасау үшін барлық ересектердің бірлесіп, әрекет ететін күні», - деп атап өтті бірінші вице-президент Елена Сакенова.
Фестиваль барысында балалар үшін арт-терапия аймағы, аквагрим, фотосессия және, әрине, көптеген тәтті тағам ұйымдастырылды.
Поделиться: