БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу» білім беру бағдарламасы бойынша 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының өткізілуі туралы хабарлайды.
🎯Курстың мақсаты: білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімділігін арттыру мақсатында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендірудегі заманауи интербелсенді стратегияларды қолданудағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
▶️Курстың өткізілу мерзімі: 03-14 маусым 2024 ж.
▶️Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.
▶️Оқыту формасы: күндізгі.
🖇Мақсаттық аудиториясы: педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, педагог-ұйымдастырушылар, ҚР жалпы білім беретін мектептердің сынып жетекшілері.
✅Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.