Жаңалықтар

image description
icon

1 МЛН-НАН АСТАМ АТА-АНА «БАЛАЖАН: АТА-АНАЛАРДЫҢ ВОЛОНТЕРЛІГІ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ⠀

📌Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының қызметі аясында жаздың бірінші аптасында ел мектептерінде «Балажан: ата-аналардың волонтерлігі» акциясы өткізілді. Оған 1 миллионнан астам ата-ана қатысты.

💭«Бұл акция ата – аналарды педагогикалық қолдау орталықтарын құру кезінде қойылған балаларды тәрбиелеу және дамыту процесінде білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту міндетінің нәтижесі болып табылады.  Іс-шаралар барысында ата-аналар өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетті: құрмет, парасаттылық, позитивті ерік, өзін-өзі басқару, жауапкершілік, шығармашылық, адалдық. Акция аясында бүкіл ел бойынша 3 722 288 бала мен 1 147 566 ата – ананың қатысуымен 46 127 іс-шара ұйымдастырылды», - деп атап өтті «Өркен» БӘАҰҒПИ бірінші вице-президенті Елена Сакенова.

▶️Мектептерде түрлі белсенді ойындар, мамандық таңдау бойынша қызықты кездесулер, отбасылық, шығармашылық іс-шаралар, тренингтер, семинарлар, спорттық ойындар, шеберлік сыныптары, ойындар мен квестер, консультациялар мен жеке сессиялар және тағы басқалар ұйымдастырылды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап