Жаңалықтар

image description
icon

ӨҢІРЛІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТАРДЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША БАСШЫЛАРЫ МЕН ӘДІСКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

2024 жылғы 19-21 маусымда ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті Ы.Алтынсарин атындағы КеАҚ-ы және «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ КеАҚ-мен бірлесіп, өңірлік оқу-әдістемелік орталықтардың тәрбие жұмысы бойынша басшылары мен әдіскерлеріне арналған «Біртұтас тәрбие: құндылықтар және тәрбие парадигмасы» тақырыбында семинар өткізіді.

Аталмыш семинар аясында «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ КеАҚ-ның вице-президенті Г.К.Балғабаева «Жеке қауіпсіздік сабақтары» тақырыбында баяндама жасады, ғылыми-зерттеу бөлімі басшысының м.а. Б.Қ.Құдышева «ДосболLIKE» бағдарламасының идеясы туралы айтып берді, ал стратегия және әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің бастығы Б.Ш.Әлиев «ДосболLIKE» білім беру ұйымдарында білім алушыларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасы тақырыбында  баяндама жасады.

Семинардың практикалық бөлімінде институттың тренері, аға оқытушы А.Б.Абдраимова 20 өңірдің әдіскерлерімен «ДосболLIKE» жобасы аясында іске асырылатын іс-шаралар жоспарын әзірлеу» және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысын жоспарлау» тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді.

Семинарға қатысушылар аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, білім беру практикасына тәрбие құндылықтарын кіріктірудің өзекті мәселелерін талқылау және тәрбие жұмысын жоспарлап, ұйымдастыру бойынша кәсіби шеберліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап