Диагностиканың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеушілермен кездесу
2024 жылғы 25 маусымда «ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты ҚР ОАМ Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментімен бірлесіп, психодиагностиканың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеушілермен кездесу өткізді.
ҚР ОАМ Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы Ж.Нұржан және «ӨРКЕН» БӘАҰҒПИ президенті Е. Иманғалиев қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
Кездесуге қатысушылар мектептің психологиялық қызметінің жұмысын автоматтандыру бойынша өз әзірлемелерін көрсетті. «Точприбор» ЖШС өкілі А.Омарова қатысушыларды «Ақ Сұңқар» әмбебап психодиагностикалық кешенімен таныстырды.
«CODO» ЖШС өкілдері Р.Белгібаев (жобаның тең авторы), Д.Фербер (ғылым жөніндегі директор), Е.Қуанышбекова (жоба жетекшісі) «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін (ППМАЖ) ұсынды.
«Re-Frame» тұлғаны дамыту орталығының директоры, бизнес-тренер, психолог Г.Вероцкая «Бестерек» жобасымен таныстырды.
Қостанай облысы ББ «Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» КММ директоры Е.Петренко «Сигнал» бағдарламасы туралы айтып берді.
«Жанұя» отбасын қолдау орталығының» басшысы А.Есимбекова «Ресурс» балалардың психикалық жай-күйін диагностикалау жүйесінің» автоматтандырылған бағдарламасын ұсынды.
Автоматтандырылған психодиагностика жүйелерін әзірлеушілер диагностиканың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптар, диагностикалық құралдардың қолжетімділігі мен сапасы, дербес деректердің қауіпсіздігін және психодиагностикалық әдістердің дұрыстығын қамтамасыз ету, нәтижелерді өңдеу жылдамдығы, психологтердің жүктемесін азайту мүмкіндігі, өңірлердің ерекшеліктерін есепке алу және т.б. бірқатар өзекті мәселені талқылады.