🔰БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ⠀
▶️2024 жылғы 27 маусымда «Өркен» балаларды қорғау ұлттық ғылыми-практикалық институтында психологиялық қолдау орталықтары/бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Балалардың психологиялық жай-күйінің диагностикасы» тақырыбында республикалық семинар өтті.
▶️Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: бала дамуының биопсихоәлеуметтік моделі және әл-ауқаттың болжағышы ретінде қажеттіліктерді бағалау; мектеп жасындағы балалардың қабілеттерін диагностикалау: қазіргі заман талабы немесе баланың психологиялық жайлылығының қажеттілігі; мектеп психологының жұмысындағы психологиялық-педагогикалық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі; психологиялық диагностика білім беру ұйымдарындағы психологтердің еңбек қызметін оңтайландырудың негізгі құралы және т.б.
▶️Семинар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсету саласындағы мамандардың тәжірибе және білім алмасуына ықпал етті, сонымен қатар білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті одан әрі жетілдіруге негіз болды.
▶️Семинар қорытындысы бойынша балалардың психологиялық жай-күйінің диагностикасын ескере отырып, білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша ұсыныстар қабылданды.