Жаңалықтар

image description
icon

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҒДАЯТТЫҚ ТАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНСУЛЬТАТИВТІК ОТЫРЫС

«Өркен» балалар әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институтының қызметкерлері Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің әл-ауқатын жағдаяттық талдау жөніндегі консультативтік отырысқа қатысты. Іс-шара ЮНИСЕФ пен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен бірлесіп өткізілді.

Отырыс барысында ЮНИСЕФ-тің халықаралық сарапшысы доктор Робин Хаарр Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен әл-ауқатын жағдаяттық талдау процесін таныстырды. Талдау осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруға әсер ететін проблемалық мәселелерді анықтай отырып, балалардың құқықтарына қатысты ағымдағы жағдайды бағалауға және зерделеуге бағытталған.

Сондай-ақ, институт президенті Е.Иманғалиев балаларды қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне үйретуге бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқу жылының басынан бастап іске асырылатын жаңа жобалар туралы айтып берді.

Консультативтік отырыс және онда ұсынылған бастамалар Қазақстандағы балалардың құқықтары мен әл-ауқатына байланысты мәселелерді шешуге кешенді тәсілдің маңыздылығын атап көрсетеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап