Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

Павлодар облысында 2024 жылы балалардың шығармашылығын дамыту жөніндегі 3 орталық ашылады

ҚР Оқу-ағарту министрі Павлодар облысы әкімінің орынбасары мен облыстық білім басқармасының басшысын қабылдады. Министрге Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, білім сапасын арттыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндалды.

🏫2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша өңірде апаттық мектеп мәселесі толығымен шешілді. Жыл соңына дейін қосымша білім беру бойынша 3 орталық, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 2 мектепті қолданысқа беру жоспарланған. Сондай-ақ 33 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Павлодар облысының білім басқармасы басшысының есебін тыңдаған Ғани Бейсембаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күшейту, психологиялық көмек қызметінің ауқымын кеңейту, өз жұмысында жоғары көрсеткіштерге жеткен педагогтерді қолдау бойынша тапсырмалар берді.

«Білім саласының әрбір басшысы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, балалардың білім мен тәрбие алуына қолайлы жағдай жасауға аса көңіл бөлуі тиіс. Мемлекет ол үшін жан-жақты қолдау көрсетуде, заңнамалық шаралар, психологиялық қызметтің рөлі күшейтілді, бала құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі бекітілді. Тағы да қайталап айтамын, бала қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жұмыстарды тиімділігін арттыра отырып, жалғастыру керек», - деп атап көрсетті министр.

Ведомство басшысы елімізде екінші жыл қатарынан басқарушылардың жаңа құрамын жасақтау жөніндегі «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы жүзеге асырылуда екенін атап өтті. Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазинаға білім сапасын, кадрлық әлеуетті арттыру, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде балалармен, ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жасауды арттыру жөнінде тапсырмалар берді.

 

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап