Жаңалықтар

image description
image description
icon

Институт қызметкерлері Астана қаласында өткен оқыту семинарына қатысты

🎓Астана қаласында, Оқушылар сарайында шілде айының 29-31 күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастырумен, білім басқармасының басшыларының орынбасарларына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұны және енгізу алгоритмі» атты оқыту семинар өтті.

📚Оқыту семинарына институттың вице-президенті Г.К. Балгабаева, ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және қолданбалы зерттеулер департаментінің директоры Г.У. Сагимбаева, әлеуметтік зерттеулер бөлімінің басшысы Б.Ш. Алиев, ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкерлері Е.С. Шайланов және А. Самадин қатысты.

💡Семинардың екінші күні институт қызметкерлері қатысушыларға «Досболlike», «Menin bauyrym» жобаларын табысты жүзеге асыру бойынша шебер сынып өткізіп, ұсынымдар берді. Сондай-ақ, мектептерде қыркүйек айынан өткізілетін қауіпсіздік сабақтарын таныстырып, түрлі әдістемелік материалдармен бөлісті. 

♻️Семинар бойынша қатысушылардан жобаларды іске асыру бойынша кері байланыс алынып, жобаның мәселелі тұстары талқыланды.

⚜️Алдағы уақытта жобаларды жүзеге асыру бойынша қосымша семинарлар мен вебинарлар, шебер сыныптар өткізілетін болады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап