Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

⚜️ПЕДАГОГТЕР МЕКТЕП ПЕН АТА-АНАЛАРДЫҢ СЕМИОТИКА АЯСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР МӘДЕНИЕТІН ТАЛҚЫЛАДЫ ⠀

«Өркен» БӘАҰҒПИ» КЕАҚ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті және Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментімен бірлесіп «Мектеп оқушыларының психологиялық әрекетінің семиотикасы мен мәдениеті» республикалық тамыз конференциясының секциялық отырысын өткізді. Секция жұмысына республиканың түкпір-түкпірінен білім беру ұйымдарының 1000 маманы қатысты.

⠀🎯Мақсаты – мектеп оқушыларының психологиялық іс-әрекеттерінің семиотикасы мен мәдениеті тұрғысынан мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимылы мәселелері бойынша педагогтер, психологтер мен басқа да мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру.

🖇«Мұндай пікір алмасу алаңдары мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара іс-қимылдың сапасын айтарлықтай жақсартуға, педагогтер мен психологтердің кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ мектеп оқушыларының психологиялық іс-қимылдары мәдениетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер  береді», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

✔️Секция отырысы барысында спикерлер балаларды тәрбиелеу үдерісінде ұлттық құндылықтарды іске асырудағы семиотикалық тәсілдің мүмкіндіктері туралы айтып, ата-аналардың балаларды білім беру мен тәрбиелеуге тартылуын дамытудың әлемдік тәжірибесін ұсынды.

✔️Сондай-ақ, әр түрлі елдерде балалармен сенімді қарым-қатынас орнату және позитивті ата-ана принциптері талқыланды.

✔️Сөз соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

✔️АПҚО қызметіне қатысқан ең белсенді педагогтер мен сабақ әзірлеушілер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап