ҚР БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ ⠀
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім департаменті «Өркен» балалар әл-ауқаты арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтымен бірлесіп «Психологиялық қолдау орталықтары: тұжырымдамасы, мазмұны, қызмет бағыттары» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
🖇Семинарға қатысушылар: психологиялық қолдау орталықтарының/бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері.
🔹Мақсаты – білім беру процесінің барлық субъектілерінің қауіпсіздігін, денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізгі буыны ретінде психологиялық қызметті дамытуды талқылау.
⠀
«Білім беру жүйесінде психологиялық қызметті дамыту тұжырымдамасы жобасын талқылау білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үйлесімді дамуына, олардың психологиялық салауаттылығы мен жеке басының дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін көмек пен қолдау көрсетудің тиімді моделін құруға бағытталған.
Семинар барысында психологиялық қолдау көрсету орталықтары үшін өзекті мәселелердің кең ауқымы қаралды: жоспарлау, консультациялық-дамыту қызметін ұйымдастырудың негізгі бағыттары, зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету, дағдарыс жағдайларында балаларға, ата-аналар мен педагогтерге консультация берудің тиімді әдістері және т.б.», – деп атап өтті семинар ұйымдастырушылары.
⠀
✔️Отырыс нәтижесінде қатысушылар психологиялық
қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру бойынша бірқатар ғылыми-практикалық ұсыныстарды қабылдады