Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

ПЕДАГОГТЕР БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

«Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» Тамыз педагогтер конференциясы аясында «Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы цифрландыру» тақырыбында секциялық отырыс өтті.

Іс-шараға спикерлер ретінде «Өркен» БӘАҰҒПИ» КеАҚ президенті Е.Н. Иманғалиев, стратегия және әлеуметтік зерттеулер бөлімінің бастығы Б.Ш. Әлиев қатысты.

Олар отырысқа қатысушылардың назарын киберқауіпсіздіктің, дербес деректерді қорғаудың және кибербуллингтің алдын алудың негізгі аспектілеріне аударды. Баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және оның физикалық, психикалық және эмоционалдық денсаулығын сақтау үшін цифрлық технологияларды пайдалануға саналы түрде, оларды пайдаға бағыттау және ықтимал тәуекелдерді барынша азайту маңызды екендігі ерекше атап өтілді.

«Қазіргі қоғамның қарқынды цифрлануы жағдайында балалардың тұрақтылығын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету қажет. Бұл цифрлық тәуекелдер мен мүмкіндіктер туралы балалармен ашық диалогті, интернетті пайдаланудың отбасылық ережелерін орнатуды, өзін-өзі реттеуді және сыни ойлауды дамытуды, сапалы білім мен бос уақытты жан-жақты өткізуге қол жеткізуді қамтиды.

Қауіпсіз онлайн-ортаны құру және балалардың құқықтарын сақтау жөніндегі бастамаларды мемлекет пен қоғамның белсенді түрде қолдауы маңызды. Балаларды тиімді қорғау және цифрлық әлемнің сын-қатерлеріне дайындау – олардың әл-ауқаты мен табысты болашағының кепілі», – деп атап өтті Е.Н.Иманғалиев «Цифрлық қоғам жағдайында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өміршеңдігін дамыту факторлары» тақырыбындағы баяндамасында.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап