Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНА ӘСЕРІ

Бүгін «Digital Kazakhstan: жаңа замандағы білім беру» педагогтердің тамыз конференциясы аясында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің балалардың әл-ауқатына әсері» тақырыбында панельдік секция ұйымдастырды.

Секция жұмысына облыстық білім басқармаларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің және БССҚД басшылары қатысты.

Секция барысында спикерлер Балалардың әл-ауқаты индексінің тиімділігін өлшеу және бағалау, ҚР-дағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың заңнамалық негіздері, білім берудің ақпараттық трансформациясындағы ментальдық денсаулық, сондай-ақ цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің оқушылардың білімі мен дамуына әсері мәселелерін талқылады.

Секцияның ұйымдастырушысы және жетекшісі, «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ президентінің кеңесшісі Әбішева Гүлнар Әбдірахманқызы:

«Цифрландыру дәуірінде балалардың құқықтарын қорғауды күшейту қажет. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау шараларының тиімділігін өлшеу, сондай-ақ осы аспектілердің мониторингін енгізу қажет. Сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік, қорлау, психикалық денсаулық және эмоционалды әл-ауқат сияқты жаңа проблемалар мен үрдістерді көрсететін қосымша көрсеткіштерді қажет етеді».

Кездесу соңында педагогтер пікір алмасып, спикерлер тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, секция жұмысының нәтижелері бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап