ЖАСТАР ҮШІН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҚҰРАМЫЗ
5 қыркүйекте «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты халықаралық ынтымақтастық шеңберінде «Жастар планетасы» халықаралық бағдарламасының өкілдерімен кездесу өткізді, оның барысында Қазақстандағы және басқа да бірқатар елдегі жастар саясатының өзекті мәселелері талықалынып, жастарды қоғамдық, экономикалық салаларға тарту процесінде белсенді ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жасау, қоғамның саяси өмірі, ресурстарды басқару, инновацияларды жүзеге асыру және енгізу бойынша жобаларды әзірлеу және т. б. жолдары белгіленді.
✔️«Жастар планетасы» бағыттаушы бағдарламасы «мектеп – қоғамдастық – отбасы», құрдастар, бос уақыт (мектептен тыс уақыт) және мектептің өзара іс-қимылының негізгі бағыттарына назар аудара отырып, жастардың оң дамуы үшін қорғаныс факторларын нығайту, ықтимал тәуекелдерді азайту және қоғамдастықта салауатты орта құру үшін жасалған.
✔️«Жастар планетасы» бағдарламасы Исландияда 20 жылдан астам уақыт бойы есірткіні пайдалануды азайтудың тиімділігін көрсеткен ғылыми негізделген тәсілдің алдын алудың Исландиялық моделі негізінде әзірленді.
🌐«Жастар планетасы» ұлттық бағдарламасының мақсаты – салауатты орта құру арқылы жастардың есірткі тұтынуын азайту үшін қауымдастықтарға ұзақ мерзімді әсер ету.
✔️«Жастар планетасы» қоғамды «пациент» ретінде қарастырып, қоғамда алкогольді, темекіні және басқа да психоактивті заттарды қолдануды ұзақ уақытқа кешіктіретін орта құруды жастар арасында есірткіні қолданумен байланысты ұзақ мерзімді денсаулық мәселелерін азайтудың тиімді әдісі деп санайды.