ОТБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ОТБАСЫ: БАҚЫТ ШАҢЫРАҒЫНЫҢ АСТЫНДА» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
2024 жылғы 6 қыркүйекте «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ-да отбасы күнін мерекелеуге арналған «Отбасы: бақыт шаңырағының астында» атты дөңгелек үстел өтті.
✔️Іс-шара Алматы қаласы республикалық Достық үйінің және «Қоғамдық келісім» РММ қызметін қамтамасыз ету басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
✔️Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, педагогика, психология саласындағы мамандар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды қолдау және Қазақстандағы отбасылар тап болатын заманауи сын-қатерлердің шешімдерін табуға байланысты өзекті мәселелерді талқылау.
Қатысушылар Қазақстандағы отбасылардың жағдайын жақсарту үшін отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту, бірлескен жұмыс мәселелерін шешуде ашық диалогтің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы отбасын қолдау бағдарламаларын кеңейту және туындайтын проблемаларды шешу үшін ата-аналармен өзара іс-қимылдың жаңа форматтарын енгізу бойынша айтылған ұсыныстар болды.
✔️Іс-шараның соңында психолог тренинг өткізіп, эмоционалды байланыстарды нығайтып, отбасында жағымды микроклиматты сақтау бойынша қатысушыларға практикалық кеңестер берді.