Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘДІСКЕРЛЕРІ МЕН БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БАҒЫТ БЕРУ СЕМИНАРЛАРЫ БАСТАЛДЫ

Жаңа оқу жылының басынан бастап «Өркен» БӘАҰҒПИ КеАҚ ғылыми қызметкерлері аудандық және облыстық білім басқармаларының әдіскерлері мен республиканың білім беру ұйымдарының басшыларына арналған Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының (АПҚО) алдағы уақыттағы қызметінің барысын түсіндіру үшін онлайн-режимде бағыт беру семинарларын өткізе бастады. Аталған семинарлар 12 қыркүйекке дейін өткізіледі.

✔️Семинарға қатысушылар өткен оқу жылындағы АПҚО қызметі мониторингінің нәтижелерімен танысып, білім алушылардың ата-аналары үшін сабақтардың жаңартылған мазмұнын іске асыру тәсілдерінің ерекшеліктері туралы және мектеп әкімшіліктері үшін орталықтардың қызметін іске асыру бойынша кезең-кезеңмен атқарылатын іс-шаралар туралы ақпарат пен ұсынымдар алады.

✔️Естеріңізге сала кетейік,

мектептің ата-аналармен балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзара іс-қимылын күшейту мақсатында 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 5 наурыздағы №55 бұйрығы негізінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары (АПҚО) құрылды.

Орталықтар қызметінің сабақтастығын жүзеге асыру үшін 2024-2025 оқу жылында «Өркен» БӘАҰҒПИ КеАҚ ұжымымен «2024-2025 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының блім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» әзірленді. Бұл әдістемелік құрал еліміздің мектептеріне практикалық қолдану үшін барлық өңірлердің білім басқармаларына жіберілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап