«Менің бауырым» волонтерлік жобасына 20 жоғары оқу орны мен колледж қатысады
♻️ Жаңа оқу жылында Алматы қаласының, сондай-ақ Жетісу мен Алматы облыстарының орта білім беру ұйымдарында «Менің бауырым» волонтерлік жобасын жүзеге асыру жалғасады. Жобаға 20 ЖОО мен колледждерден 2000-ға жуық ерікті студент қатысуда.
🗣 «Студенттер оқу, IT және қаржылық сауаттылығын дамытуға, STEAM дағдыларын, бұқаралық спортты және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады. Сондай-ақ төтенше және шұғыл жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге басымдық беріледі», - деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.
🔺 Айта кетейік, «Менің бауырым» жобасы өткен жылдың қараша айында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен жасөспірімдерге түрлі қызмет салалары туралы ақпарат ұсына отырып, болашақ кәсібін анықтауға көмектесу мақсатында іске қосылған болатын.