I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ
Биылғы жылдан бастап 5 қазанда ресми түрде аталып өтетін Ұстаздар күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінен ұстаздар І республикалық педагогтер съезіне қатысу үшін елордаға келді.
Мерекелік бағдарлама аясында ұстаздар Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрында болып, «Шәмші» спектаклін тамашалады. Бұл шара Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ертең, 5 қазанда І республикалық педагогтер съезінің пленарлық отырысына еліміздің барлық өңірінен келген 700-ден астам педагог қатысады. Ұйымдастырылған алаңдарда педагогтер өз аймақтарының атынан озық тәжірибелерін ұсынып, үздік еңбектерімен бөліседі.
Поделиться: