Жаңалықтар

image description
icon

​​📚 2025-2026 оқу жылы: 31 пилоттық мектепте жаңа оқулықтар апробациядан өтуде

🔷 Биыл 2 қыркүйектен бастап еліміздің 31 пилоттық мектебінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығының басшылығымен 2025-2026 оқу жылына арналған жаңа оқулықтар апробациядан өтуде.

✔️ Мұндағы мақсат - жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген 4-сыныпқа арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мазмұнының сапасын анықтау, сондай-ақ мектептер үшін тиімді оқу материалын таңдау.

📖 Апробация 4-сыныпқа арналған келесі оқулықтарды қамтиды: «Бейнелеу өнері», «Еңбекке баулу», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Шет тілдері» (ағылшын, неміс, француз) және «Цифрлық сауаттылық» (электрондық оқулық). 

📌 Апробацияға педагогтер мен оқушылар қатысуда, бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі туралы толық мағлұмат алуға мүмкіндік береді.

🔗 Естеріңізге сала кетейік, орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық талқылау және пәндік сараптама комиссиясы.

Сарапшы болуға өтініш бергісі келетін мұғалімдер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап