Жаңалықтар

image description
icon

Отбасы күніне орай «Отбасым – мақтанышым» акциясы

Еліміздің білім беру ұйымдарында 12-16 қыркүйек аралығында «Отбасым – Мақтанышым» акциясы өтеді. Бұл шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту және мектеп пен отбасының өзара байланысын күшейту.

🌐Акция ата-аналар, балалар және педагогтерді бірлесе әрекет етуге шақырып, бала тәрбиесі мен отбасы мәдениетінің деңгейін арттыруды көздейді. Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қолдап, баланың жеке тұлғалық дамуына оң әсер ететін шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

✔️«Отбасым – Мақтанышым» акциясы отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды қолдап, баланың жеке тұлғалық дамуына оң әсер ететін шараларды жүзеге асыруға бағытталған. ✔️Акция аясында мектептерде түрлі квесттер, интерактивті ойындар және отбасылық жетістіктер көрмелері өткізіледі. Бұл іс-шаралар ата-аналарды мектеп өміріне тарту арқылы бала тәрбиесіне белсенді араласуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

✔️Акция барысында ата-аналар мен оқушылар үшін отбасылық сайыстар, шеберлік сабақтары, шығармашылық және спорттық жарыстар, отбасылық тимбилдинг, қайырымдылық шаралар және ұлттық салт-дәстүрлерді атап өту секілді көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мектептерде түрлі квесттер, интерактивті ойындар және отбасылық жетістіктер көрмелері өткізіледі. Бұл бастамалар балалар мен ата-аналар арасындағы бірлікті арттыруға, мектеп өміріне белсенді қатысуға және отбасы мәдениетін дамытуға бағытталған.

✔️Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде #Отбасым_мақтанышым хэштегімен жарияланатын болады, бұл отбасылардың жетістіктерін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап