👩🏻🏫 Елімізде «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауы басталады
🔷 Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауының басталғанын хабарлайды.
Байқау алғаш рет «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен инновациялық тәсілдерін анықтауға және қолдауға бағытталған.
✔️ Мақсаты – педагогикалық шеберлікті жетілдіру және сынып жетекшілерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ олардың әлеуметтік мәртебесін арттыру.
📊 Байқауға барлық орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатыса алады. Ол үш кезеңде өтеді:
I кезең (аудандық) - 2024 жылғы 17-18 қыркүйек;
II кезең (облыстық) - 2024 жылғы 24-25 қыркүйек;
III кезең (республикалық) - 2024 жылғы қараша айында Астана қаласында өтеді.
🔺 Байқаудың әр кезеңінде қатысушыларға бейнеролик форматында шығармашылық сынып сағатын көрсету, ата-аналармен өзара іс-қимыл жүйесін ұсыну, өзін-өзі таныстыру, өз жобаларын қорғай отырып, педагогикалық қызметте әртүрлі жағдайларға талдау жасау талаптары қойылады.
🔰 Қорытынды жұмыстар білім беру саласындағы сарапшылар тарапынан педагогтердің кәсіби және қоғамдық қызметі негізінде бағаланатын болады. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен марапатталады, ал бас жүлдегерге ведомстволық награда тапсырылады.
🔗 Қосымша ақпарат https://orken-instituty.kz/ru/pedagogam/konkursy сайтында берілген.