🚀750 мыңнан астам оқушы республикалық флешмоб аясында буллингке қарсы бірікті
Еліміздің барлық өңірлерінде «Менің мектебім буллингке қарсы!» атты республикалық флешмоб өтті. Оған 750 мыңнан астам оқушы қатысты. Білім алушылар бірыңғай әуенге би билеп, кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг мәселесіне назар аудартты.
✔️Әр мектеп флешмобты өз аумағында ұйымдастырды, би қимылдарын оқушылар өздері ойлап тапты. Акцияға тек оқушылар ғана емес, олардың сынып жетекшілері де қатысты. Осылайша, балалар буллингке қарсы өз ұстанымдарын білдіріп қана қоймай, осы маңызды мәселе бойынша қоғамдық пікір қалыптастыруға үлес қосты.
«Буллинг» – бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің бірі. Бүгін мектеп оқушыларының флэшмобқа белсенді қатысқаны арқасында біз қоғамның назарын балалардың қауіпсіздігі мәселесіне аудардық. Оқушылар акцияға қатысып қана қоймай, қоғамның хабардарлығын арттыруға нақты үлес қосты», — деп атап өтті Алматы қаласы 174 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жазира Оразбаева.
🔻Флешмоб оқу жылының басынан бері бүкіл ел бойынша #біздің мектебімізбуллингкарсы және #нашколапростбуллинг хэштегтерімен өткен челлендждің қорытындысы болды.