Жаңалықтар

image description
icon

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында 300 мыңнан астам ата-ана тіркелді

🔷 «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам пайдаланушы Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында тіркелген. 

📌 Еске сала кетейік, бұл орталықтар өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс істей бастады. Бағдарламаның басты басымдығы — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ позитивті ата-ана мәдениетін дамыту.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап