Жаңалықтар

image description
icon

ЮНИСЕФ-ТІҢ СУБӨҢІРЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

16-17 қыркүйек Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан өкілдерінің қатысуымен Астанада ЮНИСЕФ-тің субөңірлік конференциясы өтті. Конференция «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы мен әл-ауқаты: алдын алу, нығайту және көмек көрсету қызметтеріне қолжетімділікті жақсарту» тақырыбына арналды. Конференцияның мақсаты - елдер арасында тәжірибе алмасу және мектептердегі балалар мен жасөспірімдерге кеңес беру бойынша озық тәжірибелерді ұсыну болды.

Іс-шараның бағдарламасына жастардың психикалық денсаулығымен жұмыс істеудің маңызды аспектілерін талқылау кірді. Конференцияға қатысушылар психикалық бұзылыстардың стигматизациясымен күресте позитивті тілдің рөлі туралы айтып, бұл жасөспірімдер үшін қолдау көрсететін орта қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ білім беру мекемелерінде психологиялық көмектің алдын алу және оны көрсетудің үздік халықаралық тәжірибелері қаралды. «Өркен» БӘАҰҒПИ Қазақстандық мектеп оқушыларына арналған психологиялық қызмет көрсету орталықтарын құру және ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмыс істеуі мен кеңес беру әдістері туралы тәжірибесімен бөлісті. Конференция барысында «Менің бауырым» және «ДосболLIKE» жобалары да талқыланды.

Конференция аясында сарапшылар психикалық денсаулық қызметтеріне қолжетімділікті кеңейтуге арналған негізгі сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді талқылады, бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың эмоционалды әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап