Жаңалықтар

image description
icon

🚀«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛИСТЕРІ

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында «Үздік сынып жетекшісі» республикалық байқауының өткізілуін ұйымдастырады.

 🔻Байқау Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдары сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру, шығармашылық әлеуеттерін барынша толық іске асыру және сынып жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында өткізіледі.

 🔸Байқаудың финалы 2024 жылдың 2-3 қазан аралығында өтті, онда конкурсанттар өз қызметтерінің презентацияларын көрсетті, кейс-сессиядағы педагогикалық жағдаяттарды шешті және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша шығармашылық жобаларын қорғады.

🔻Финал нәтижелері бойынша анықталған жеңімпаздар:

 ✔️2 гран-при иегері;

✔️10 мұғалім 1 орынға ие болды;

✔️20 педагог 2 орынға ие болды;

✔️30 мұғалім  3 орын дипломдарымен марапатталды.

 🔻Сонымен қатар, финалистер келесі номинацияларға ие болды:

 ✔️«Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз» / «Сердце для каждого» — 11 педагог.

✔️«Ұрпақ тәрбиесіндегі ұтымды идея» / «Идея в действии» — 10 педагог.

✔️«Шабыттандыратын тәлімгер» / «Вдохновляющий лидер» — 17 педагог.

✔️«Ата-анамен ынтымағы жарасқан» / «Сотрудничество с родителями» — 3 педагог.

✔️«Креативті көшбасшы» /«Креативный лидер» — 2 педагог.

🚀Байқау еліміздің педагогтері үшін тәжірибе мен шабыт алмасудың маңызды алаңына айналды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап