Өзгермелі әлемдегі білім: жаһандық шындықтың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беруінің дамуына әсері
2024 жылғы 3-4 қазанда Ереван қаласында (Армения Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің «Өзгермелі әлемдегі білім: жаһандық шындықтың ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім беруінің дамуына әсері» тақырыбындағы VIII съезі өтті. Фестивальге ТМД-ның 5 мемлекетінен барлығы 56 өкіл қатысты: Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы.
Съездің пленарлық және секциялық отырыстарында қатысушылар ТМД мемлекеттеріндегі жаңа білім беру парадигмасының өзекті мәселелерін, білім беру сапасын бағалау критерийлерін, педагогикадағы жаңа трендтерді талқылады.
Съезд аясында III Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінің күндізгі кезеңі өтті, ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Мұғалім», «Тәрбиеші» және «Психолог/әлеуметтік педагог» номинациялары бойынша дарынды және табысты педагог қызметкерлерін анықтауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының атынан «Психолог/әлеуметтік педагог» номинациясына А.А.Манатов (Ақмола облысы, Державинск қ.), Ж.М. Арынбаева (Түркістан облысы, Түркістан қ.), Ж.Б. Ордабаева (Павлодар облысы, Павлодар қ.) қатысып, шеберлік сабақтарын өткізді.
ІІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік фестивалінің қорытындысы бойынша Түркістан қаласының «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» педагог-психологі Ж.М.Арынбаева 2 орынға, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державинск қаласының Н.Крупская атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ психологі 3 орынға ие болды, Павлодар облысы Білім басқармасының Павлодар қаласы білім бөлімі «Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ педагог-психологі Ж.М.Ордабаева қатысушы дипломымен марапатталды.