Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

«ДОСБОЛLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН АПРОБАЦИЯЛАУ АЯСЫНДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2024 жылдың 10 қазанында Шамалған ауылындағы жаңа қазақ орта мектебінде «ДосболLIKE» бағдарламасын апробациялау аясында «Оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Семинарға Алматылық облысының пилоттық апробацияға қатысушы 5 орта білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары және мұғалімдері қатысты.

🔻Семинарда ғалымдар, әдіскерлер және тәжірибелі педагогтар жобалық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерін талқылап, оқушылардың жобаларын табысты іске асырудың өлшемдері мен көрсеткіштері бойынша пікір алмасты. Іс-шараның форматы «хакатон» түрінде өтті, бұл қатысушыларға «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында жобалық қызметті кезең-кезеңімен игеруге мүмкіндік берді.

📌Айта кету керек, 2024 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің № 52 бұйрығына сәйкес «ДосболLIKE» бағдарламасы апробациясының қатысушылары болып табылатын 9 аймақтағы 50 орта білім беру ұйымдарының (қамту: 5530 педагог, 69226 оқушы) желісі құрылды.

✔️Мектептерде антибуллингтік командалар құрылып, мұғалімдер мен қосымша персоналға (техникалық қызметкерлер, медициналық персонал, асхана қызметкерлері, күзет қызметі) оқыту жүргізілді. Оқушылардың жобалық қызметі белсенді түрде іске асырылып жатыр.

🖇«ДосболLIKE» бағдарламасының ғылыми-әдістемелік қолдауын «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұжымы жүзеге асырады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап