Жаңалықтар

image description
icon

🍁 Күзгі демалысты ұйымдастыру: Оқу-ағарту министрлігінің ұсыныстары

Қазақстандық мектептерде күзгі демалыс басталды. Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында демалысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, өңірлерге жолдады. 

 👮🏻‍♀️🧑🏻‍🚒 I. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысын жасау: кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастыру, сондай-ақ түрлі кәсіптің үздік өкілдерімен кездесулер өткізу.

🧑🏻‍🏫👩🏻‍💻 II. Өмірдің қиын жағдайына тап болған, үйде оқитын оқушылар үшін мына шараларды: виртуалды экскурсиялар, онлайн жарыстар, психологтармен іс-шаралар, белгілі бір пәндер бойынша кеңестер ұйымдастыру маңызды.

🏫 👨‍👩‍👧‍👦 III. Ата-аналармен өзара қарым-қатынас құру барысында: балалармен бірлесіп, мәдени-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын, экскурсиялар, интернет-марафондар, ата-аналарға арналған конференциялар мен форумдар өткізу.

👫👩🏻‍🏫 IV. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары: құқық қорғау, денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар органдарының өкілдерін шақырумен балаларды тәрбиелеу және зиянды әдеттердің алдын алу бойынша кеңестер ұйымдастыру.

🛡️ V. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мектептің де, ата-аналардың да басты міндеттерінің бірі. Сондықтан, аталмыш іс-шараларды өткізбес бұрын күзгі демалыс кезінде оқушылар мен олардың ата-аналарына өмір қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау туралы нұсқаулық жүргізу маңызды.

❗️Еске салайық, биылғы оқу жылында күзгі демалыс 28 қазаннан басталып 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнтізбелік күнді құрайды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап