Жаңалықтар

image description
icon

Оқу-ағарту министрлігі мектепте тамақтандыру қызметін көрсетушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мүмкіндігін қарастыруда

✍🏻 ҚР Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі  Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп еліміздегі мектеп асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне мониторинг жүргізді. Республикалық мониторингтің қорытындылары туралы Ғани Бейсембаев баяндады. 

❗️Оқу-ағарту министрі республикалық мониторинг қорытындысында мектептегі тамақтандырудың ұйымдастырылу сапасына қатысты сұрақтардың туындауы атқарушы органдар тарапынан әлі де болса бақылаудың жеткіліксіздігін көрсеткенін, сондай-ақ мұны заңнама талаптарының бұзылу фактілерінен де анық аңғаруға болатынын атап өтті. Мониторинг тобы заң талаптарын бұзылуы бойынша 771 фактіні анықтаған.

📊 Сондай-ақ Министрлік мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша кешенді бағалау жүргізді. Бағалау кезінде тамақтандыру сапасына жүргізілген мониторинг нәтижелері, асханалардың қажетті материалдық-техникалық жабдықталуы, 1 оқушыға шаққандағы өңірлердегі тамақтану құны, ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері ескерілді. Оның нәтижесінде Жамбыл, Маңғыстау, Алматы, Атырау облыстарының және Шымкент қаласы әкімдіктерінің тарапынан мектептерде сапалы тамақтануды ұйымдастыруға  тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғандығы анықталды.

🗣️ «Қазіргі таңда Министрлік мектепте тамақтандыру қызметтерін сатып алу кезінде өнім берушілерді іріктеу талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесін пысықтауда», - деп қорытындылады Ғани Бейсембаев. 

📌 Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік талаптарды күшейтіп, білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыруға қатысты 7 нормативті-құқықтық актіні қайта қараған болатын.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап