Жаңалықтар

image description
icon

ВЕЙПСІЗ ӘЛЕМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТТЕР ЧЕЛЛЕНДЖІ

2-25 қазан аралығында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына арналған «Вейпсіз әлем» республикалық суреттер челленджі өтеді.

Мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын қолдау, вейпингтің зияны туралы хабардарлықты арттыру, зиянды әдеттерден бас тартуға, белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Челленджге жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары мен сынып жетекшілері қатысады.

«Вейппсіз әлем» челленджіне арналған суреттер келесі идеяларды көрсетуі керек.

▶️Вейпингтің теріс салдары

▶️Позитивті баламалар

▶️Вейптің зияны туралы хабарлама

▶️ Қоғамдастықты қолдау

▶️ Шығармашылық пен креативтілік тәсілі

▶️ Болашаққа позитивті көзқарас

Оқушылардың дайын материалдары JPG форматында cit_nigrch@mail.ru электрондық поштаға 2 қазаннан 25 қазанға дейін қабылданады.

Қорытындылау 6 қарашаға дейін өтеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап