🔰КУРСТАН КЕЙІНГІ ҚОЛДАУ АЯСЫНДА 2500 ПЕДАГОГ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК АЛАДЫ
Курстан кейінгі қолдау аясында «Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен 2500 педагог әдістемелік көмек алады.
🔻Педагогтерді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу вебинарлар форматында онлайн-режимде жүзеге асырылады. Оларға басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, педагог-ұйымдастырушылар және білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатысады.
🎯Вебинарлардың мақсаты – курстарда алған теориялық білімдерін бекіту және тереңдету, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді дамыту, сондай-ақ жайлы білім беру ортасын құру үшін ата-аналармен өзара іс-қимылдың практикалық дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру.
‼Вебинарлар жыл соңына дейін тұрақты негізде өткізіледі.