Жаңалықтар

image description
icon

«ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАРАЛҒАН ЖҮРЕК» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ФЕСТИВАЛІ

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысы) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыруда.

Жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін ынталандыру мақсатында 26 қыркүйек пен 5 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты «Жақсылыққа жаралған жүрек» әлеуметтік жобалар фестивалін өткізді. 

Фестивальдің негізгі мақсаты – оқушыларды әлеуметтік белсенділік танытуға, тұлғаның азаматтық қасиеттерін, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын және ынтымақтастық қабілетін дамытуға ынталандыру. 

Фестивальдің республикалық кезеңіне 4 облыстың (Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Қызылорда) және Шымкент қаласының 20 мектебінен 70-тен астам білім алушы қатысты. 

Жобалар медиа платформалар мен әлеуметтік серіктестіктерді пайдалана отырып, экология, инклюзия, білім беру және мәдени бастамалар сияқты маңызды бағыттарды қамтыды. Жобалық қызметтің лейтмотиві – қоғамға, айналадағы адамдарға пайда әкелуге, ортақ мақсаттарға жету үшін командада жұмыс істеуге деген ұмтылыс.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап