Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

🔰АСТАНАДА АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАЛАРЫ ҮШІН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өркен» БӘАҰҒПИ-мен бірлесіп, 5 желтоқсанда Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі: ата-аналар мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» атты республикалық семинар-тренинг ұйымдастырды.

🔻Осынау маңызды іс-шараға еліміздің барлық өңіріндегі ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен білім беру ұйымдарының әдіскерлерін қосқанда 500 адам қатысты.

Күннің бірінші жартысында қатысушылар өзекті мәселелерді шешуге бағытталған төрт тақырыптық тренингтен өтті.

🔻Тренингтерде қазіргі заман жағдайында эмоционалды байланыс орнату тәсілдері, жанжалдарды еңсеру және отбасы мен мектепте сенімді атмосфера құру тәсілдері талқыланды.

🔻«Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасының негізгі ережелері: балаларды ұлттық құндылықтарды ескере отырып тәрбиелеу ерекшелігі, олардың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін және Отаны мен халқына қатыстылық сезімін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

✔Түстен кейін өткен пленарлық бөлімде ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылының мәселелері қаралды.

Оқу-ағарту Ғани Бейсембаев баяндама жасап, білім беру ұйымдарындағы ата-аналар комитеттерінің рөлін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

✔Семинар пікір алмасумен және ұйымдастырушылардың қорытынды сөзімен аяқталды. Қатысушылар бұл іс-шара балалардың отбасылық және мектептегі тәрбиесінің өзекті мәселелерін талқылау, жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің екі құрамдас бөлігі ретінде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын кеңейту үшін маңызды алаңға айналғанын атап өтті, сондай-ақ, алған білімдерін ата-аналар мен мектеп қауымдастықтарымен жұмыста пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап