ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ 350-ДЕН АСТАМ ПЕДАГОГІ ӨҢІРЛІК СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ
2024 жылғы 06 желтоқсанда «ӨРКЕН» ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ және «Жетісу облысының білім басқармасы ММ» «Әдістемелік орталығы» КММ «Мектепте қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру: мақсаттар, проблемалар, тәсілдер» тақырыбында өңірлік семинар ұйымдастырды.
Семинарға облыстық білім басқармасының ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысына жауапты аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының шығармашылық жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Семинар барысында институттың ғылыми қызметкерлері мен «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ «Әдістемелік орталығы» КММ мамандары сөз сөйлеп, ата-аналар мен педагогтердің білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастырудағы ынтымақтастығының маңыздылығы, сондай-ақ баланың әл-ауқатын қалыптастыру үшін өзара іс-қимыл және әріптестік нысандары туралы айтып берді.
Спикерлердің сөздері аяқталғаннан кейін модератор — аға ғылыми қызметкер — Е.С. Шайланов пікір алмасуды, қойылған сұрақтарға тыңдаушыларға жауаптар беруді және ұсынымдар қабылдауды ұйымдастырды.
Семинар қорытындысы бойынша спикерлер мен қатысушылар алғыс хаттар мен сертификаттар алды.