Жаңалықтар

image description
icon

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҮШІН БАҒЫТ БЕРУ ТРЕНИНГТЕРІ ӨТТІ

 2025 ж. 12-13 қаңтарда «Өркен» БӘАҰҒПИ» КеАҚ базасында психологиялық қолдау орталығының (ПҚО) қызметкерлері үшін бағыт беру тренингтері өтті.

Мектеп психологтеріне арналған буллинг пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, резиленттілікті дамыту, білім беру ортасын жақсартуға оқушылар мен педагогтерді біріктіру және тарту бойынша бағыт беру тренингін «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін әзірлеушілер ұйымдастырып, жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында буллингтің және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша мектеп психологтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Тренингке қатысушылар балалар мен жасөспірімдерге тиімді психологиялық көмек көрсетуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарында кез келген зорлық-зомбылық пен деструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында жемісті өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін оқушылар және педагогтермен сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесетін теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болды.

Ұйымдастырушылар қатысушылардың қызығушылығы мен белсенділігінің жоғары деңгейін атап өтті, сондай-ақ өткізілген тренингтер оқушылардың психологиялық әл-ауқатын және жалпы білім беру ортасын жақсарту жолындағы маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап