Жаңалықтар

image description
icon

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ ТРЕНИНГ

Бүгін Алматы қаласындағы № 134 лицейде білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына арналған «Нашақорлықтың алдын алуға бағытталған мектеп ахуалын қалыптастыру» атты көшпелі тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында есірткіні пайдаланудың алдын алуды ұйымдастыруда мектептерге әдістемелік көмек көрсету.

Тренингке қаланың түрлі білім беру мекемелерінің атынан 40 директордың орынбасары қатысты.

Қатысушылар білім беру ұйымдарының алдында тұрған қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерді, соның ішінде жасөспірімдерді құқыққа қарсы қатерлі іс-әрекеттер мен құқық бұзушылықтарға тарту жағдайларының өсуін және осы қауіпті әлеуметтік құбылыстарды еңсеру жолдарын талқылады.

Тренингтің практикалық бөлігінде қатысушылар топтық тапсырмаларды орындады, нақты кейстерді талдады, сондай-ақ өз мекемелерінде мектеп ортасын жақсарту бойынша жоспарлар әзірледі.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап