ҚазҰУ отқытушылары институт қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары қауымдастырылған профессор Кантарбаева Жанна Уринбасарқызы, PhD доктор Өтебаева Динара Сахибқызы Білім беру қызметі жөніндегі департамент қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында спикерлер зайырлы мемлекетке тән белгілер, деструктивті діни ағымдардың айрықша белгілері және олардың интернет кеңістігіндегі миссионерлік қызметі туралы айтып берді.
Сонымен қатар спикерлер тарапынан діни экстремизм мен терроризмге анықтама беріліп, жастарды экстремистік ұйымдарға тарту мәселесі туралы айтылды. Деструктивті діни ағымдардың әсеріне ұшыраған адамдардың психологиялық ерешеліктерін атап өтті.
Кездесу оң нәтиже көрсетіп, тараптар осы тақырып аясында алдағы уақытта іс-шаралар өткізуді жоспарлады.