
БІРЫҢҒАЙ БАСТАУ «КОДАКТИВ» АВТОРЛЫҚ АНТИБУЛЛИНГТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ОБЛЫСТЫҢ ЖОБАЛАУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ
Үшінші оқу тоқсанынан бастап Жобалық кеңсенің жұмысы аясында Қостанай облысының он мектебінде "КодАктив:Жылдам көмек бағдарламасы» атты жаңа бағдарламаны автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесіне (ППМАЖ) «HR+» енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру акциясы өтеді.
Іс-шараның мақсаты – әрбір оқушыға бұл бағдарламаның олардың қауіпсіздігі үшін жасалғанын жеткізу, буллинг пен жанжалдардың кез келген көрінісін тоқтату. Мектептердің педагог-психологтары мен әкімшілігі QR-коды бар постерлерді қалай пайдалану керектігін түсіндіреді. Бұл постерлер бейнебақылау камералары жоқ жерлерде орналастырылады.
‼Балалар кез келген зорлық-зомбылық жағдайында олардың өтініштері қатаң құпия сақталатынын және мамандардың әрекеті жедел әрі кәсіби болатынын білуі тиіс. Сонымен қатар, «КодАктив» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу ұсынылады. Бағдарламаға оқушылардың сенімін қалыптастыру үшін бар күшімізді салуымыз қажет.
«КодАктив» бағдарламасы бойынша автоматтандырылған психологиялық-педагогикалық мониторинг жүйесі (ППМАЖ) «HR+» жұмыс алгоритмімен экспериментке қатысушыларды біздің Орталық пен «CODO» ЖШС мамандары таныстырды. Әдістемелік қолдау қамтамасыз етіледі. Бағдарлама эксперименттік болғандықтан, тұрақты мониторинг жүргізіліп, кез келген кемшіліктер анықталып, түзетіледі. Кейін бағдарлама облыстағы барлық оқу орындарына енгізілетін болады.