

АБАЙ ОБЛЫСЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТIНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ БАСТАЛДЫ
2025 жылғы 20 қаңтардан бастап Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық әдістемелік орталығы» КММ мамандары Абай облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің мониторингін бастады. Мониторингтің негізгі мақсаты — білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы мен психологиялық қызмет туралы объективті және нақты ақпарат алу.
Мониторингтің негізгі міндеттері:
1. Психологиялық қызметтің қазіргі модельдерінің жұмысын талдау және олардың қазіргі талаптарға сәйкестігін бағалау.
2. Студенттер мен педагогтерге көрсетілетін психологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын зерттеу.
3. Психолог қызметтерінің табысты жұмыс істеуінің практикалық мысалдарын жинақтап, қорытындылау.
4. Психологтардың жұмысын тиімді атқаруына кедергі келтіретін мәселелер мен факторларды анықтау.
5. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қолдау қызметін ұйымдастыруды жетілдіру және сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.