22 қаңтар 2025 жылы Alikhan Bokeikhan University-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Бұл маңызды қадам психологиялық қолдау мен білім беру саласында тәжірибе алмасу және озық әдістерді енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Меморандум аясында біз төмендегілерді жоспарлап отырмыз:
Қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құруға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Студенттер, педагогтер және ата-аналар үшін тренингтер, семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізу;
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық ахуалды жақсарту үшін инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;
Психология мен педагогика саласындағы өзекті мәселелер бойынша ғылыми зерттеулер мен жарияланымдар жүргізу.
Біз бұл ынтымақтастықтың білім беру саласының дамуына және жастарымыздың өмір сапасын арттыруға үлкен үлес қосатынына сенімдіміз.