
‼«HR +» платформасында «Сигнал» авторлық бағдарламасын пайдалану бойынша психологиялық қызметтердің жұмысына эксперимент енгізу» оқыту семинары өтеді
27 қаңтардан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының психологиялық қолдау және тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы (ПҚмТЖӨОӘО) Қостанай облысының психологиялық қызметтерінің мамандары үшін «HR+» платформасында «Сигнал» авторлық бағдарламасын пайдалану бойынша психологиялық қызметтердің жұмысына эксперимент енгізу» онлайн оқыту семинарларының кешенін бастайды.
🔻600-ге жуық маман қамтылады. Оқытуды ПҚмТЖӨОӘО мамандары «Сodo» ЖШС-мен бірлесіп жүргізеді. Семинарлардың мақсаты: тоқсан сайынғы сауалнама жүргізу сапасын жақсарту.
🔻Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 5-11 сыныптар арасында тоқсан сайынғы сауалнама жүргізу жұмысының ыңғайлылығы үшін психологиялық қызметтердің жұмысына «HR+» психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі платформасында «Сигнал» авторлық бағдарламасын енгізу бойынша эксперимент жүргізіледі. Қазіргі уақытта бағдарламаға Қостанай облысының барлық өңірлері қосылған. Келесі кезең – «Сигнал» арқылы 5-11 сынып оқушыларының эмоционалды жағдайына кешенді диагностика жүргізу.
🔻Семинарда психологиялық қызмет мамандары «HR+» ППМАЖ платформасында «Сигналмен» жұмыс істеуге үйренеді: редакциялау элементтері, технологиялар, кәмелетке толмағандардың жауаптарын түсіру.