


«Баланың эмоционалды қажеттіліктерін түсінудегі ата-ананың рөлі» тақырыбында жалпы орта білім беру ұйымдарының ата-аналары мен класс жетекшілеріне арналған психологиялық жүздесу
📅2025 жылғы 23 қаңтар күні “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес С.Жиенбаев атындағы Aқтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында “Баланың эмоционалды қажеттіліктерін түсінудегі ата-ананың рөлі” тақырыбында жалпы орта білім беру ұйымдарының ата-аналары мен класс жетекшілеріне арналған психологиялық жүздесу өтті.
📌Шараны орталық мамандары М.Сарсенгалиева мен Л.Бердибекова жүргізіп, “Өмірлік рөлдер” және “Саналы бала тәрбиесі” тақырыптарында баяндама оқып, “Құндылықтар дүкені” тренингін өткізді.
✔Тренинг аясында қатысушылар өзіне қажетті құндылықтарды, мықты қасиеттерді таңдап алу арқылы ұстанымдарын жақсы ойлармен толықтыра білді.
✔Ата-аналар сұрақтар қойып, жауаптар алып, жақсы еркін тілдесу болды.