
Абай облысы бойынша колледждердің психологиялық қызметтердің жұмысына мониторинг жүргізу аяқталды.
2025 жылғы 20-24 қаңтар аралығында Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ мамандары өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде психологиялық қызметтердің жұмысына мониторинг жүргізді.
Мониторингтің негізгі мақсаты-психологиялық қызметтердің ағымдағы жағдайын, ұйымдастыру модельдерін және жұмыс тиімділігін зерттеу, сондай-ақ оларды жетілдіру мүмкіндіктерін анықтау.
Мониторингке қатысқан мекемелер:
Зерттеуге облыс бойынша 26 колледж қатысты, оның ішінде: 11 мемлекеттік мекеме, 15 жеке ұйым.
Мониторинг барысында зерделенген мәселелер:
Психологиялық көмекті ұйымдастырудың модельдері мен тәсілдері,
Студенттер мен педагогтерге көрсетілетін қолдаудың қолжетімділігі мен сапасы,
Психологтардың табысты жұмыс үлгілері,
Мамандардың қызметін қиындататын мәселелік аспектілер мен тосқауылдар.
Мониторинг нәтижелері: Жиналған ақпарат келесі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
Психологиялық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу,
Бейімделу кезеңінде оқушыларға қолдауды күшейту,
Психологтар, педагогтер және студенттер арасындағы өзара әрекеттестіктің тиімділігін арттыру.
Келесі қадамдар: Нәтижелерді талдау негізінде колледждерде психологиялық әл-ауқатты нығайтуға және жалпы білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар енгізілетін болады. «Біздің міндетіміз – әрбір студенттің психологиялық тұрғыдан қорғалғанын сезінетін, ал педагогтердің кәсіби қызметінде қажетті қолдауды алатын жағдай жасау. Мониторинг – психологиялық қызметтердің жұмыс сапасын арттыру мен облыстағы білім беру ортасын дамытуға бағытталған маңызды қадам», – директордың мiндетiн атқарушы Тагиева И.Т.