Жаңалықтар

image description
icon

«Аутодеструктивті мінез-құлық, себептері және алдын алу жолдары» тақырыбында педагог- психологтарға арналған облыстық семинар-практикум.

2025 жылдың 24 қаңтарында «JАN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес орталықтың мәжіліс залында «Аутодеструктивті мінез-құлық, себептері және алдын алу жолдары» тақырыбында педагог- психологтарға арналған облыстық семинар-практикум өтті. 

«JАN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры А.Айтбаганбетов аутодеструктивті мінез – құлықтың бүгінгі таңдағы қоғам үшін өзекті мәселе болып табылатын айтып, атқарылып жатырған істер туралы түсіндірді.

Шараны ұйымдастырушы орталықтың психологы, психология магистрі Г.Сатығалиева  «Аутодеструктивті мінез-құлық, себептері және алдын алу жолдары» тақырыбында талдау жасады.

Клиникалық психолог С.Акимбаев аутодеструктивті мінез – құлық кезінде жеке консультация беру алгоритмдері және психотерапия әдістерімен таныстырды, phD доктор Қ.Қуанжанова эмоциялық интеллект: жағымсыз сезімдермен жұмыс істеу тәсілдері туралы практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында өзін – өзі бағалау және сенімділік тренингі жүргізіліп, шара  жұмыстары қорытындыланып, ашық диалогтық алаңда сұрақ – жауап, ұсыныстар арқылы кері байланыс жасалды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап