

⚜ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
💡Институттың аға ғылыми қызметкері Шайланов Е.С. Алматы қаласының N107 лицейінде өткен «Қазақ халқының ұлттық құндылықтары - бала тәрбиесіндегі құндылық көзі» тақырыбындағы қалалық семинарға қатысты.
⚡Семинарда Шайланов Е.С. «Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы - табысты тұлға тәрбиелеудің факторы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада семинар қатысушыларына табысты тұлға тәрбиелеудегі мектеп пен ата-ананың өзара әрекетінің маңыздылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары негізінде табысты тұлға тәрбиелеу бойынша ата-аналарға ұсынымдар берілді.
📌Семинарға Түрксіб және Жетісу ауданының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
📍Семинар соңында бес секциялық топқа бөлініп, Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметі бойынша жұмыстармен танысқан қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.