
БУЛЛИНГ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША САУАЛНАМАҒА ДАЙЫНДЫҚ ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
27 қаңтарда, Қостанай облысының өңірлік психологиялық қолдау және тәрбие жұмысы орталығының мамандары «Сodo» ЖШС-мен бірлесіп, психологиялық қызметтердің жұмысына жетекшілік ететін білім беру бөлімдерінің әдіскерлеріне, орталықтың желілік үйлестірушілеріне және негізгі және жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтарына арналған облыстық онлайн оқыту семинарын өткізді. Жалпы саны 400 адам
Семинардың негізгі мәселесі: ҚР Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің сұрауы бойынша ППМАЖ «HR+» платформасында 5-11 сынып оқушылары арасында буллинг мәселесі бойынша сауалнама дайындау және өткізу.
Іс-шараға қатысушылар сауалнама шеңберіндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстырылды. Сонымен, кәмелетке толмағандар сұрақтарға үш түрлі жолмен жауап бере алады: сілтеме, код немесе QR коды арқылы. Сауалнаманы сынып жетекшісі білім беру мекемесінің қабырғасында педагог-психологтың қолдауымен және көмегімен жүргізеді. Психолог оқушыларға нұсқаулық береді, содан кейін оқушылар сауалнама сұрақтарына анонимді түрде жауап береді.
Оқыту семинары нәтижелі өтті. Барлық сұрақтарға орталықтың директоры-Петренко Елена Александровна, сондай-ақ ППМАЖ «HR+» жобасының менеджерлері барлық сұрақтарға толық жауап беруге тырыстым.