Жаңалықтар

image description
icon

«Құқық бұзушылықтың психологиялық себептері: жасөспірімдердің мінез – құлқындағы ауытқулар» тақырыбында облыстық семинар-практикум

2025 жылдың 28 қаңтар күні  «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының  жоспарына  сәйкес «Құқық бұзушылықтың  психологиялық себептері:  жасөспірімдердің  мінез – құлқындағы ауытқулар» тақырыбында  білім беру ұйымдарының  класс жетекшілері мен  колледж кураторларына  арналған облыстық семинар-практикум өтті. 

Мақсаты: Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқулардың психологиялық себептерін анықтау, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын қарастыру және білім беру ұйымдарының педагогтарына тиімді әдістерді ұсыну.

     «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы   директорының орынбасары А. Тоқсанбаева  бұл тақырыптың  қазіргі таңдағы  өзектілігін айтты. Іс – шара модераторы психолог, педагогика және психология ғылымдарының магистрі  Г. Калиева  «Жасөспірімдердің  міне – құлқындағы ауытқулар және  құық бұзушылықтың  психологиялық себептері» тақырыбында  теориялық   мәліметтермен таныстырды.   Психолог, травматерапевт  Г. Рахимова  «Құқық бұзушылыққа  бейім және мінез – құлқында  ауытқулары бар  жасөспірімдерге  психологиялық қолдау мен  көмек көрсету»  тақырыбы  аясында   маңызы мен негізгі  жүйесін атап шықты.  Әлеуметтік  педагог маманы А. Қоғамбаева  «КЕЙС СТАДИ әдісі арқылы  жасөспірімдердің мінез – құлқына әсер ету»  тақырыбында маңызды ақпараттармен  бөлісті.  

Шара соңында қатысушылардың  сұрақтарына жауап беру арқылы, жасөсіпірімдер мен олардың мінез – құлқын қалыптастыруға ұсыныстар   берілді. 


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап