Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ: ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ТИІМДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектебінің базасында 2025 жылғы 30 қаңтар күні «Есірткіге қарсы әрекет: жасөспірімдермен тиімді жұмыс жүргізу жолдары» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Іс-шараға Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Қаратал аудандарының және Талдықорған, Текелі қалаларынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар қатысты. Қатысушылар саны: 423.

Семинардың мақсаты: Жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткілердің таралуын алдын алу үшін білім беру мекемелерінде тиімді профилактикалық шараларды ұйымдастыру және тәуекел тобына жататын жасөспірімдермен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Семинар Жетісу облысының білім басқармасы басшысының орынбасары – Қасымов Қайрат Сақанұлының алғы сөзімен басталды. Семинар барысында облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары - Декембаева Гульнур Сарсембековна, Ануарбек Жанель Асқарқызы психологиялық ширату өткізді. Сонымен қатар, Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Шарменев Эмиль Кенесович «Жетісу облысында нашақорлықтың алдын-алу және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасады.

«Resource academy» ғылыми-тәжірибелік психология орталығының негізін қалаушы, халықаралық тренер, психология ғылымының кандидаты, психолог психотерапевт – Манасова Бахыткуль Мусаевна «Жасөспірімдердің есірткіден бас тартуға мотивация беру тәсілдері» тақырыбы бойынша өз баяндамасын ұсынды. Сондай-ақ, Жетісу облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы - Турдашова Меруерт Маратқызы,                «Қос қанат Жетісу» үкіметтік емес ұйымының психологы Пискунова Елена Николаевна аддиктивті мінез-құлықты жасөспірімдерге қолдау көрсету, химиялық және синтетикалық заттарға тәуелділіктері, олардың психологиялық себептері мен алдын алу шаралары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

           Сондай-ақ, Жетісу облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері - Ергабылов Мақсат Бейбітұлының  «Синтетикалық есірткілер: 21-ғасыр эпидемиясы» тақырыбында презентация ұсынды.

          

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап