КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНЕ КЕШЕНДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКА ӨТКІЗІЛДІ
2025 жылғы 3 ақпанда Абай облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы" КММ мамандары Н.Н. Леонтьева және Ә.Е. Рамазан «Жақия Шайжүнісов атындағы колледжінің» бірінші курс студенттерімен кешенді психологиялық диагностика өткізді.
Диагностика көмегімен студенттер: өздеріне сырттан қарап, мінез-құлқындағы ерекшеліктерін тануға, қарым-қатынас деңгейін, танымдық белсенділігін (мотивациясын), эмоционалдық тұрақтылық пен мазасыздықты анықтауға, жеке күшті жақтарын тауып, өсу аймақтарын белгілеуге мүмкіндік алды.
Диагностика нәтижесінде әрбір қатысушы жеке ұсыныстар алды: өздерінің эмоциялық күйін қалай басқаруға, мазасыздық деңгейін қалай төмендету және мотивацияны қалай арттыруға, топ ішінде тиімді өзара әрекеттесу және қарым-қатынасты жақсартуға болады.
Психологиялық диагностика өз-өзін жақсырақ түсінуге, эмоционалдық интеллектті дамытуға және оқу процесіне тиімді бейімделуге көмектеседі.
Өзіңмен жұмыс істеу – бұл жеке тұлғалық өсуге және студенттік ортада сәтті бейімделуге бағытталған қадам!